Жаңалықтар | Ресми түрде: «Deadpool 3» прокатта R-деңгейіне ие болады
Ресми түрде: «Deadpool 3» прокатта R-деңгейіне ие болады
Үшінші «Deadpool» Mарвел кино құрамына кіретін болады және алғашқы екі фильмдері сияқты R рейтингімен шығады. Бұл туралы Кевин Фейдж Коллайдермен әңгімесінде өзі айтты.
«Фильм R рейтингіне ие болады. Біз қазір сценарий бойынша жұмыс істеп жатырмыз, ал Райан [Рейнольдс] жазуды жеке өзі қадағалайды. Түсірілім жұмыстары биыл болмайды. Тек алаңдамаңыздар, Райан өте танымал және еңбекқор актер», - деді Фейдж.
«Deadpool 3» сценарийін «Бобтың дәмханасы» фильмінің бірлескен авторлары мен продюсерлері әпкелі-сіңлі Венди мен Элизабет Молино жазады. Дегенмен фильмнің әлі режиссер анықталмаған. Оның үстіне қашан шығатыны да белгісіз.
💖 1 |
👀 480 |
📆 2021-01-14 04:46:12