Жаңалықтар | “Зак Снайдердің әділет лигасы” жұлдызы DC Films-тің бастығын сөкті.
“Зак Снайдердің әділет лигасы” жұлдызы DC Films-тің бастығын сөкті.
Әділет лигасы фильмінің және Зак Снайдердің әділет лигасы мини-фильмінің жұлдызы Рэй Фишер жұмыс берушілеріне тағы да ұрысты. Бұл жолы актер енді ешқашан бірге жұмыс істемеуге уәде берген DC Films студиясының президенті Уолтер Хамадамен сөзге келді.
«Уолтер Хамада - арандатушылардың ішіндегі ең қауіптісі. Оның өтірігі мен WB студиясының 4 қыркүйектегі жаман PR-ы Әділет Лигасының түсірілімдері кезіндегі заң бұзушылықтарды тергеудің нақты мәселелерін жасыру үшін жасалған. Мен оның қатысы бар ешбір жобаға қатыспаймын», - деп өзінің Twitter-дегі ресми парағында жазды. Дегенмен DC Films басшылығы әлі кері реакция қайтарған жоқ.
Еске сала кетейік, Зак Снайдер бұған дейін Фишердің фильмде ойнаған Киборг рөлін едәуір кеңейтуге ниетті екенін білдірді. Солай Фишер қосымша көріністерді түсіруге қатысты. Сондай-ақ Фишердің сынына іліккен Уолтер Хамада оған «Жарқыл» фильмінде осы кейіпкерді қайтадан ойнауды ұсынды.
Тағы еске салақ, Фишер бұған дейін Снайдердің орнын басқан Джосс Уидонның актерлермен және «Әділет лигасының» командасымен қарым-қатынасы дөрекі, қорлаушы, кәсіби емес деп мәлімдеген болатын.
💖 0 |
👀 455 |
📆 2021-01-03 17:01:41