Жаңалықтар | Мэтт Дэймон төртінші “Тор”-да түспек. Үшінші бөлімде ол Локидің бейнесін сомдаған болатын.
Мэтт Дэймон төртінші “Тор”-да түспек. Үшінші бөлімде ол Локидің бейнесін сомдаған болатын.
Мэтт Дэймон Thor: Love and Thunder актерлік құрамына қосылды. Аталмыш Борнның жұлдызы қаіргі уақытта Австралияда, жақында түсірілім де сол жерде басталады.
Дэймонның қатысуын премьер-министр Скотт Моррисон өзі растады: «Голливудтың супер жұлдызы Мэтт Дэймонның біздің актерлерге Жаңа Оңтүстік Уэльстегі осындай ірі фильмнің түсірілім алаңына қосылуы - біз үшін үлкен мәртебе, оның қатысуы Австралия халқы үшін мыңдаған жұмыс орындарын ашуға көмектеседі».
Актердің өзі бірнеше ай Австралияда болатынын айтты.
2017 жылы Дэймон үшінші Торда эпизодтық көрініс жасады. Ол театр қойылымында Локи рөлін ойнады. Төртінші бөлімде оның рөлі қаншалықты үлкен болатыны белгісіз.
Жаңа Торды алдыңғы сериядағы фильмнің режиссері Тайка Вайтити түсіреді. Кинода басты рөлдерде Крис Хемсворт, Тесса Томпсон, Крис Пратт және Джейми Александр ойнайды. Сонымен қатар, Кристиан Бэйл басты жауыздың рөлін сомдайды, ал Натали Портман Джейн Фостердің рөлінде қайта оралады - оның кейіпкері Тордың күшін алады.
Төртінші Thor 2022 жылы 6 мамырда шығады.
💖 2 |
👀 860 |
📆 2021-01-19 08:11:00