Disney студиясы «Муланның» ойын нұсқасына арналған жаңа трейлерді ұсынды. Анимациялық фильм 1998 жылы жарыққа шығып, бір ғана фильмді таратумен 304 миллион доллар табыс тапқан болатын. Көрініс ғұн тайпасының Қытайға шабуылы кезін көрсетеді. Ер адамның киімін киген Мулан басқа жауынгерлерге қосылып, қар басқан таулардың етегіне қауіпті жорыққа аттанады. Оған Мушу есімді күлкілі және өте сыпайы айдаһар еріп жүреді. Ойын нұсқасында сюжет сол қалпы, тек сөйлейтін кішкентай айдаһар феникске ауыстырылған.
💖 0 |
👀 1353 |
📆 2020-05-05 15:35:05