Сайт жасау, Компьютер бағдарламасын жасау, телефон қосымшасын жасап үйрену
Жан
Алға
Харри Поттер және пәлсапа тас

Жуырда

Тіркелушілер

Aika
Lyazzat
Qanat
Dana
Aisuluu
Dinislam
Aryn
Dinmuhammed
Baibol
Nurtas
Damir
RINAT
Duks
Seter
Ali
Azamat
Bakdaulet
Bauyrzhan
Aidosuly
Akerke
Alimbekserikbai
Gulzy
ShakarimYerbol
Kudaybergen

Қайырымдылық

Жарнама

Таза қолдың халал шұжығы

Жаңалықтар

Данияр Алшынов «Үздік актер» Еуропалық сыйлығын алды. - кино көр
Tengrinews.kz: “Қазақстандық Данияр Алшинов Еуропалық кинематография марапатының «Үздік актер» сыйлығын алды,” деп хабарлайды.
💖 0 | 👀 389 | 📆 2021-01-01 16:21:34
Супермен мен Лоис: Болат адам жанұя құрды.” фильмінің промосы шықты. - кино көр
CW каналы “Суперқаһарман қыз” сюжетіне сүйене түсірілген “Супермен мен Лоис” фильміне бейне жарнама шығарды. Тайлер Хэклин мен Битси Таллок жобада басты рөлдерді сомдайды.
💖 0 | 👀 784 | 📆 2021-01-01 15:59:12
Француз актері Робер Оссейн өмірден озды. - кино көр
Марқұм Анжелика фильмдерінде граф Джеффри де Пейрактың рөлімен көбіне танымал. Француз актері және режиссері Робер Оссейн 93 жасында қайтыс болды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, өлімінің себебі - коронавирус.
💖 0 | 👀 259 | 📆 2021-01-01 15:50:12
Джонни Депп жаңа сот процесін талап етті - кино көр
Джонни Деппті отбасылық зорлық-зомбылық үшін кінәлі деп таныған сот шешіміне сүйене отырып, Netflix ол түскен фильмдерді каталогынан алып тастайды. Бірақ актер тағы да жаңа сот процесін (күн ілгері кесіп-пішілмеген және әділ) талап етеді. Бұл туралы Daily Mail британдық басылымы Депптің өзіне және оның заңгері Дэвид Шерборнға сілтеме жасап хабарлайды.
💖 0 | 👀 308 | 📆 2020-12-27 12:31:02
«Кек алушылар 4» фильмінің режиссерлері су жаңа «Мерекелік оқиға» түсірмекші. - кино көр
«Кек алушылар 4: Соңы» фильмінің және басқа да Marvel комикстерінің бейнелеушілері- Джо Руссо мен Энтони Руссо, Чарлз Диккенстің «Мерекелік оқиға» романына сүйене жаңа жобамен айналыспақ. Screen Rant-да сценарийді Дамиан Шеннон дайындайтындығы туралы ақпарат бар, ол бұрында «Жұма 13-і» қорқынышының жаңа нұсқасында жұмыс жасаған еді.
💖 0 | 👀 1974 | 📆 2020-12-27 10:39:20
Кевин Спейси Мерекеге арнап жаңа хабарлама жазды. Видео 2020 жылда қиналған әрбір жанға арналады. - кино көр
Кевин Спейси Жаңажылдық мерекеге арналған үшінші жылдық бейнені түсірді. Алдыңғы хабарламалардан айырмашылығы, бұл жолы актер «House of Cards» Фрэнк Андервудтың кейіпінде емес, өзі болып сөз сөйлейді. 1-800-XMAS деп аталатын видео 2020 жылы өмірден өткендердің барлығына арналады.
💖 0 | 👀 333 | 📆 2020-12-27 09:48:13
Соңғы сәтте Warner студиясы Пэтти Дженкинсті “Ғажап Әйел”-дің финалын өзгертуін талап етті. - кино көр
“Ғажап Әйел”-дің аяқтамасы Warner-дің өтініші бойынша соңғы сәтте өзгертілді. Бұл туралы режиссер Пэтти Дженкинс IGN-ге берген сұхбатында айтады. Дегенмен финалдың түпнұсқасын егжей-тегжейіне дейін айтпаса да, жаңартылған нұсқа көңілінен шыққанын атап өтті.
💖 0 | 👀 426 | 📆 2020-12-27 09:05:33
Ресей мәдениет министрлігі кинотеатр көрерменінің құқықтары мен міндеттері туралы заң шығарды. - кино көр
Ресей мәдениет министрлігі «Ресей Федерациясының кинематографиясын мемлекеттік қолдау туралы» федералдық заңына қосымша, кинотеатр мен көрермен арасындағы қарым-қатынас турасында заң жобасын әзірледі.
💖 0 | 👀 362 | 📆 2020-12-26 15:22:44
Дуэйн Джонсон және оның отбасы коронавирусты жұқтырған болатын. Олар қазір өздерін жақсы сезінеді. - кино көр
Дуэйн Джонсон Instagram-да өзінің, әйелі Лорен Хашианның және қыздары Джези мен Тианың коронавирусқа оң нәтиже бергенін жариялады. Актер 11 минуттық видеоны постқа салып, онда өткен апталар өте қиын болғанын, бірақ қазір жағдайлары жақсы екенін және олар артық жұқпалы емес екенін айтты.
💖 0 | 👀 543 | 📆 2020-09-04 16:52:36
Күнделікті сыбыстардан: Джейсон Момоа Witcher приквелінде (бұрыңғыны баяндайтын фильмнің бөлігінде) ойнамақ. - кино көр
«Аквамэн» және «Таққа талас» жұлдызы Джейсон Момоа «Бақсының» түсірілім ортасына қосылуы мүмкін. Redanian Intelligence мәліметі бойынша, Netflix актерді приквелдегі рөлдердің бірі - «Қанды шығу тегі» үшін қарастырады. Момоа бәлкім алғашқы бақсыны ойнайтын болады. Бұл ақпаратқа ағындық қызмет әлі түсініктеме берген жоқ, бірақ Redanian Intelligence Момоамен келіссөздерді екі тәуелсіз ақпарат көзі растаған деп жазады. Басылым актердің әлі келісімшартқа отырмағанын нақтылауымен бұл рөл басқа адамға тиюі мүмкін екенін жоққа шығармайды.
💖 0 | 👀 468 | 📆 2020-09-04 16:50:57