Ұйқыдағы ару
Жан
Алға
Харри Поттер және пәлсапа тас

Басты бет / Кино / Рождество жұлдызына саяхат

Түпнұсқа атауы: Reisen til julestjernen
Ағылшынша: Journey to the Christmas star
Жылы: 2012
Елі: Норвегия
Режиссері: Нилс Геуп
Сценариі: Камилла Крогсвен
Продюсері: Сигурд Микал Каролиуссен, Ян Эрик Лангоен, Лассе Греве Алсос
Операторы: Одд Рейнхарт Николайсен
Композиторы Гауте Сторас
Суретшісі: Мирослав Вачкарж, Келл Нордстрем
Монтажы: Пер-Эрик Эриксен

Санаты: Қиял-ғажайып

Жас шектеулігі: 6+ жасқа шектеу қойылмайды

Сипаттамасы:

Ертеде есте жоқ ескі заманда сары шашты деген ханшайым болыпты. Күндердің күніңде әлгі ханшайым жаңа жылдық шыршаны безендіріп жатып, анасынан аспандағы рождество жұлдызын шыршаның басына байлауға болама деп сұрайды. Патшайым ана ол жұлдызды барша адамзат баласына ортақ екенің, оны тек кеудесіндегі жүрегін жұлып бергендер ғана иемдене алатының айтыпты. Сөйтіпте осы әңгімем ғибрат болсын деп алтын жүректі алқа сыйлапты. Патшаның Граф жиені бар екен, жатса тұрса таққа отыруды армандайды екен. Бұл арманы Патша мен Патшайым өліп артында тақ мұрагері қалмаса ғана орындалады екен. Граф мыстан кемпірге келіп ақыл сұрайды және оның ақылымен сары шаштыға барып рождество жұлдызын мойыныңдағы алға айырбастап алуға болады деп азғырады. Сол түні ханшайым жұлдызды іздеп орманға келедi. Қалын ну орманның ішінде мыстан кемпір күтіп отырған еді. Мыстан дуасын төгіп сары шашты ханшайымды жоқ қылып жібереді. Патша қайғыдан қан жұтады, Жалғыз қызын іздеп бармаған жер баспаған тауы қалмады, ал патшайым болса қызының жоғалғанына жүрегі шыдамай құсадан өліп кетеді. Ашынған патша басына түскен нәубетті рождество жұлдызынан көріп оған лағынет айтады. Сол кезде жұлдызда көзден ғайып болып, төңіректі қараңғылық басады. Патшаның жаныңдағы сәуегей қария рождество жұлдызын 10 жыл ішінде іздеп тапсаң, сары шашты ханшайыммен табысарсың деп бал ашады. 10 жыл мерзімнің таусылар шағы келді патша жұлдызды табады ма? сарышашты ханшайыммен табысады ма? оны кино көрден көре аласыздар.

💖 0 | 👀 2348 | 📆 2021-01-04 09:56:10
Пікір қалдыруды тек тіркелген қолданушылар ғана қолдана алады.