Ұйқыдағы ару
Жан
Алға
Харри Поттер және пәлсапа тас

Басты бет / Кино / Ұлы дала зары

Жылы: 2020
Елі: Қазақстан
Басты кейіпкерлер: Саяжан Құлымбет, Дуылға Ақмолда, Ақылжан Алмас, Сафуан Шаймерден, Роман Жуков, Сергей Уфимцев, Балжан Оспанбай, Әділет Жаңғали, Рацана Дәулет, Айбар Таңғыт
Продюсері: Ернар Мәлік
Режиссері: Марина Кунарова
Жазушысы: Марина Кунарова
Операторы: Александр Рубанов, Эльдар Джабраилов
Өндіруші кинокомпания «MG Production»

Санаты: Тарихи

Жас шектеулігі: 6+ жасқа шектеу қойылмайды

Сипаттамасы:

"Ұлы дала зары" аталатын фильм ашаршылық нәубетін, кеңес дәуірінің қанқұмарлары қолдан жасаған, қазақтың 70 пайызын жойып жіберген зұлматты бейнелейді.


Жалпы, осы тақырыпта түсірілген киномыз соншалық көп емес. Бұл фильм сол аздың біріне айналып отыр. Оның үстіне, зілдей қасіретті, жан түршіктірер жауыздықты тап осы туындыдай айна-қатесіз, әсерлі әрі нанымды берген картинаны көрмеппіз десек, қателесе қоймас едік. Ауыз толтыра айтар тағы бір жаңалық – осы кинода басты рөлдердің бірін қостанайлық оқушы Әділет Жанғали сомдады.

Жалпы, тарихымыздың осынау тақсіретті тарауын әлем жүзіне таныту қажеттігі туралы пікірлер ұдайы айтылады. Бірақ сөздің іске айналып жатқанын көзіміз шала қоймапты. Жаһан назарына сапалы киноөнім ұсыну осы мұратқа жақындататын бір жол сияқты. Бұл тұрғыдан алғанда,"Ұлы дала зары" фильмі діттеген нысанасынан қиыс кетпеді деп есептейміз. Өйткені осы туынды әлемге әйгілі "Алтын глобус" сыйлығының "Ең үздік шетелдік фильм" аталымы бойынша үміткерлер қатарынан көрініп, 7-8-9 қарашада Лос-Анджелес қаласында өткен фестивальдің шымылдығын ашып беріпті. Бұның өзін мұхиттың арғы бетіндегі талғампаз киногерлердің тың туындыға деген бағасы мен құрметі деп қабылдауға болады.

Осы фильмде басты кейіпкерлердің бірі саналған Ілиястың рөлін жерлесіміз Әділет Сәбитұлы Жанғали сәтті сомдап шықты. Біз де бұл жаңалықты естісімен балғын әртістің қолын алып құттықтаудың ретін таптық, әңгімеге тартып көрдік. Балдырған да білгіміз келген, өресіне сай қойылған сұрақтардың барлығына мүдірмей, тиянақты жауап беруге тырысты.

💖 2 | 👀 5151 | 📆 2020-12-21 08:03:50
Пікір қалдыруды тек тіркелген қолданушылар ғана қолдана алады.
Kinoman.com | 2020-12-29 08:23:06Аватар Құрыш адам фильмін шығарыңыздаршы
kinokorkz | 2020-12-27 00:01:49Аватар Кеңес заманынан сатқындықты үйрендік, жемқорлықты үйрендік, азғындықты үйрендік. Кеңес заманынан рухы түскен Қазақтардың еңсесін биіктетіп, рухын асқақтатын тәуелсіздік жастары сіздерсіздер. Сіздер көз ашқалы азаттықта өмір сүріп келесіздер. Дінімізді асқақтатып, тілімізді дамытатын ұрпағымыз деп білсем осы тәуелсіздік жастары. Болашақ Қазақтың ұрпағы дініне берік, тілін аяққа таптаймайтын, елі үшін жан беруге әзір ұрпақ тәрбиелеу біздің борышымыз. Еліміз асқақтай берсін, Аллаһ тағала ақырет күніне дейін елімізді сақтасын!