Сайт жасау, Компьютер бағдарламасын жасау, телефон қосымшасын жасап үйрену
Жан
Алға
Харри Поттер және пәлсапа тас

Кино

Michelangelo - Infinito
Жылы: 2017
Елі: Италия, Ватикан
Режиссері: Эмануэле Имбуччи
Жазушысы: Эмануэле Имбуччи, Сара Мосетти, Томмазо Стринати
Продюсері: Франческо Инверницци, Козетта Лагани, Роберто Андреуччи
Операторы: Маурицио Калуези
Композиторы: Маттео Куралло
Cуретшісі: Франческо Фриджери, Бьяджо Ферзини, Козетта Лагани
Монтажы: Сара Цаваризе

Санаты: Деректі

Жас шектеулігі: 13+ жасқа шектеу қойылмайды

Сипаттамасы:
Кино мен кескіндеме арасындағы диалог арқылы портрет өткір қарама-қайшылықтарға, күшті құмарлықтарға және идеалдарды қорғауға келгенде әсерлі батылдыққа қабілетті адам бейнеленген. Өшпес тұлға, әлемдегі ең ұлы суретшілердің бірі - оның мәңгілік дамыған технологияның бай көркем мұрасы Буонароттидің негізгі мүсіндік және кескіндеме туындыларын қайта жаңғыртуда: Систин капелласы, «Пету», «Дэвид», «Мұса»Мадонна Дони және басқа өлмес еңбектері.

💖 1 | 👀 6257 | 📆 2020-12-30 06:17:50

Бәрімізді жел ұшырады
Tүпнұсқа атауы: Bad ma ra khahad bord
Жылы: 1999
Елі: Иран, Франция
Басты кейіпкерлер: Бехзад Дурани, Ногре Асади, Рушан Карам Элми, Бахман Гобади, Шахпур Гобади, Рейхан Хейдари, Масуд Мансури, Али Реза Надери, Франгис Рахсепар, Масоамех Салими
Режиссері: Аббас Киаростами
Жазушысы: Аббас Киаростами
Продюсері: Марин Кармиц, Аббас Киаростами
Операторы: Махмуд Калари
Композиторы: Пейман Язданян
Монтажы: Аббас Киаростами

Санаты: Драма

Жас шектеулігі: 6+ жасқа шектеу қойылмайды

Сипаттамасы:
Кинорежисер Тегераннан шағын бір күрд ауылына жергілікті кемпірді жерлеу рәсімін түсіру үшін келеді. Бірақ оның өлімін күту кешіктіріліп жатыр ...

💖 2 | 👀 7032 | 📆 2020-12-30 06:05:22

Түпнұсқа атауы: Long de xin
Жылы: 1985
Елі: Гонконг, Жапония
Ұраны: «Warrior, Brother, Protector, Friend»
Басты кейіпкерлер: Джеки Чан, Саммо Хун, Эмили Чу, Ман Хой, Лам Чин-Ин, Ланг Чан, Юэң Уа, Чиң Ка-Лок, Кори Юэң, Мелвин Уон
Режиссері: Саммо Хун, Фрут Чан
Жазушысы: Бэрри Вонг
Продюсері: Чуа Лам, У Ма
Операторы: Артур Уон
Композиторы: Мэн Йи Лам

Санаты: Драма

Жас шектеулігі: 16+ жасқа шектеу қойылмайды

Сипаттамасы:
Полицияның арнайы бөліміндегі жас полиция қызметкері Тедтің бауыры бар ол жарымжандау. Сол інісін бағып қағумен өмір сүреді, күндердің күні арман қуып теңізге шықпақшы болады алайда інісі ағасы болмаса өмір сүре алмайтын еді. Өзі отызда болсада бес жасар баланың қылығымен жүреді. Жұмысында Тед cәтсіздіктерге көп ұшырайды. Жарымжан інісі Деннидің байқамай алып қойған заттары өте құнды және ұрлық зат болып шығады, сол үшін жарымжан інісін полициялар іздеп тұтқындамақшы болады. Ағасы полицияларға жарымжандығын түсіндіре алмай әлек болады. Iнісінің қылмысын жасырғаны үшін Тедке бір күн уақыт береді. Інісін өз қолымен полиция бөліне әкелуін сұрайды. Жалғыз сүйікті адамын құтқару Тедтің басты міндетіне айналады.

💖 1 | 👀 17166 | 📆 2020-12-29 09:35:19

Жылы: 2020
Елі: Қазақстан
Басты кейіпкерлер: Саяжан Құлымбет, Дуылға Ақмолда, Ақылжан Алмас, Сафуан Шаймерден, Роман Жуков, Сергей Уфимцев, Балжан Оспанбай, Әділет Жаңғали, Рацана Дәулет, Айбар Таңғыт
Продюсері: Ернар Мәлік
Режиссері: Марина Кунарова
Жазушысы: Марина Кунарова
Операторы: Александр Рубанов, Эльдар Джабраилов
Өндіруші кинокомпания «MG Production»

Санаты: Тарихи

Жас шектеулігі: 6+ жасқа шектеу қойылмайды

Сипаттамасы:
"Ұлы дала зары" аталатын фильм ашаршылық нәубетін, кеңес дәуірінің қанқұмарлары қолдан жасаған, қазақтың 70 пайызын жойып жіберген зұлматты бейнелейді.


Жалпы, осы тақырыпта түсірілген киномыз соншалық көп емес. Бұл фильм сол аздың біріне айналып отыр. Оның үстіне, зілдей қасіретті, жан түршіктірер жауыздықты тап осы туындыдай айна-қатесіз, әсерлі әрі нанымды берген картинаны көрмеппіз десек, қателесе қоймас едік. Ауыз толтыра айтар тағы бір жаңалық – осы кинода басты рөлдердің бірін қостанайлық оқушы Әділет Жанғали сомдады.

Жалпы, тарихымыздың осынау тақсіретті тарауын әлем жүзіне таныту қажеттігі туралы пікірлер ұдайы айтылады. Бірақ сөздің іске айналып жатқанын көзіміз шала қоймапты. Жаһан назарына сапалы киноөнім ұсыну осы мұратқа жақындататын бір жол сияқты. Бұл тұрғыдан алғанда,"Ұлы дала зары" фильмі діттеген нысанасынан қиыс кетпеді деп есептейміз. Өйткені осы туынды әлемге әйгілі "Алтын глобус" сыйлығының "Ең үздік шетелдік фильм" аталымы бойынша үміткерлер қатарынан көрініп, 7-8-9 қарашада Лос-Анджелес қаласында өткен фестивальдің шымылдығын ашып беріпті. Бұның өзін мұхиттың арғы бетіндегі талғампаз киногерлердің тың туындыға деген бағасы мен құрметі деп қабылдауға болады.

Осы фильмде басты кейіпкерлердің бірі саналған Ілиястың рөлін жерлесіміз Әділет Сәбитұлы Жанғали сәтті сомдап шықты. Біз де бұл жаңалықты естісімен балғын әртістің қолын алып құттықтаудың ретін таптық, әңгімеге тартып көрдік. Балдырған да білгіміз келген, өресіне сай қойылған сұрақтардың барлығына мүдірмей, тиянақты жауап беруге тырысты.

💖 3 | 👀 25742 | 📆 2020-12-21 08:03:50

Жылы: 2013
Елі: АҚШ
Басты кейіпкері: Форест Уитакер,Опра Уинфри, Кьюба Гудинг мл., Дэвид Ойелоуо, Терренс Ховард, Робин Уильямс, Лив Шрайбер, Алан Рикман, Джон Кьюсак, Дэвид Баннер
Ұраны: «Бір тыныш дауыс революцияны тұтандыруы мүмкін»
Режиссері: Ли Дэниелс
Жазушысы: Дэнни Стронг, Уил Хэйгуд
Продюсері: Ли Дэниелс, Кассиан Элвис, Бадди Патрик
Операторы: Эндрю Данн
Композиторы: Родриго Леао
Суретшісі: Тим Галвин, Лори Агостино, Эрик Польсвартек, Джейсон Болдуин Стюарт, Рут Е. Картер, Дайан Ледерман
Монтажы: Брайан А. Кейтс, Джо Клотц

Санаты: Өмірбаян

Жас шектеулігі: 6+ жасқа шектеу қойылмайды

Сипаттамасы:
Washington Post газетіндегі мақалаға негізделген фильм, Ақ үйде сегіз түрлі президенттің қолында қызмет еткен Сесил Гейнс есімді қызметшісінің өмір баяны.
Нәсілшілдік белең алған заманда өз мүдделерін қоғау үшін күрес, кейбірі көндігіп өздерін құл ретінде мойындаған. Ақ нәсілдер болмаса біз ешкім емеспіз, бізді біреулер өлтіріп тастайды деген қатыгез өмір. Сесилдің өмір баяны толығымен баяндалады ол біліктілігімен көзге түсіп сарай қызметшісі болады. Ол жұмысын адал, ықтиятты жасайды. Оның ұлы қара нәсілділердің құқықтары үшін ереуілге шығып, өз мүдделерін қорғау үшін барын салады. Ұлты, нәсілі үшін өлуденде дайын еді. Ақ нәсілділерге мазақ болғанша, елі үшін өлуге дайын азаматтардың бірі еді.

💖 3 | 👀 12692 | 📆 2020-12-14 02:36:35

Жылы: 2016
Елі: АҚШ
Басты кейіпкері: Брайс Даллас Ховард, Роберт Редфорд, Оакс Фигли, Уна Лоуренс, Уэс Бентли, Карл Урбан, кіші. Исайя Уитлок, Маркус Хендерсон, Аарон Джексон, Филип Грив
Ұраны: «Some secrets are too big to keep»
Режиссері: Дэвид Лоури
Жазушысы: Дэвид Лоури, Тоби Халбрукс, Малколм Марморстин
Продюсері: Джеймс Уитакер, Адам Борба, Кэртхю Нил
Операторы: Боян Бацелли
Композиторы: Дэниэл Харт
Суретшісі: Джейд Хили, Саймон Брайт, Джилл Кормак
Монтажы: Лиза Зено Чургин

Санаты: Оқиғалы

Жас шектеулігі: 6+ жасқа шектеу қойылмайды

Сипаттамасы:
Мичам мырза бірнеше жыл бойы солтүстік ормандардың тереңінде тұратын қаһарлы айдаһар туралы аңызды үнемі айтушы еді. Оның қызы Грейс үшін бұл әңгімелердің бәрі ойдан шығарылған нәрсе сияқты көрінетін, сол орманда Пит атты кішкентай баламен кездескенге дейін солай ойлайтын. Пит ұзақ уақыт бойы жабайы орманда тұрады, оның үйі де, отбасы да жоқ. Алайда оның керемет досы - үлкен жасыл айдаһар Еллиот бар. Грейс жас Питтің тарихын ашуға шешім қабылдайды, оның отбасы туралы және аңыздар өте көп болатын жұмбақ айдаһар туралы шындықты білгісі келеді.

💖 4 | 👀 19464 | 📆 2020-12-13 22:11:18

Жылы: 2012
Елі: Германия, Аустрия
Режиссер Марк-Андреас Бочерт
Басты кейіпкерлер: Максимилиан Симонишек, Корнелия Грeшел, Юрген Таррах, Карстен Крамер, Каролин Уолтер, Кристоф Летковски, Волфганг Эделмайер, Йоханнес Зилбершнайдер, Надина Вриц, Вольфганг С. Цехмайер
Жазушысы: Маркус Хертнек, Жанна-Мари Лепренс де Бомон
Продюсері: Гетц Брандт, Михайл Ценсиг, Мартин Хороба
Операторы: Херман Дунцендорфер
Композиторы: Штефан Мария Шнайдер
Суретшісі: Judith Saupper, Барбара Лангбейн
Монтажы: Антония Фенн

Санаты: Қиял-ғажайып

Жас шектеулігі: 6+ жасқа шектеу қойылмайды

Сипаттамасы:
Гюго қызы Елзамен бірге бір патшалықта өмір сүреді. Бірде әке жолда келе жатып, бос қамалға тоқтауды ұйғарады. Алайда қамалға кіре алмай қораға түнемек болады. Таңатысымен ауылына оралар кезде, бір қабырға жағалаған гүлге көзі түседі. Ол раушан гүлдері жайқалып тұрған дуал еді. Қоштасарда Елза әкесіне қызыл раушан гүлін алып келуін өтінеді. Бұл әрекет бұрын адам көзінен жасырған құлып иесінің ашуын келтірді. Құбыжық қамалдан шығып гүлді ұрладың деп жазаламақшы болады. Алайда аман қалдырсаңыз барлық тілегін орындауына уәде береді. Жолында кездескен алғашқы тіршілік иесін Құбыжыққа жеткізуді талап етеді, әйтпесе Гюго өліммен бетпе-бет келеді. Үйге қайтқанда алдына ит шығатының Итті алғаш кездестіретіне үмітті еді, итті қақпасынан кездестіремін деп үміттенген әкесі Эльзаның алдынан жүгіріп шыққанын көреді. Бақытсыз Гюго сүйікті қызын құбыжықтың сарайына жіберуге мәжбір болады.

💖 3 | 👀 7367 | 📆 2020-12-11 07:55:57

Түпнұсқа атауы: I Kill Giants
Жылы: 2017
Елі: АҚШ, Белгия, Дания, Ұлыбритания, Швеция, Қытай
Ұраны: «Ең керемет комикс негізінде Алыптарды өлтіремін»
Басты кейіпкерлер; Мэдисон Вулф, Зои Салдана, Имоджен Путс, Сидни Вэйд, Рори Джексон, Аллана О Коннор, Майя Питерс, Арт Паркинсон, Дженнифер Эл, Дон Вичерли
Режиссері: Андерс Валтер Хансен
Жазушысы: Джо Келли, Х. М. Кэн Ниимура
Продюсері: Джо Келли, Анна Барнатан, Майкл Барнатан
Операторы: Расмус Дж. Хейз
Композиторы: Лорен Перез
Cуретшісі: Сюзи Каллен, Жиль Балабо, Тамара Конбой
Монтажы: Ларс Уиссиң

Санаты: Қиял-ғажайып

Жас шектеулігі: 16+ жасқа шектеу қойылмайды

Сипаттамасы:
Барбара Торсон ерекше, оның ғажайып таланты - алыптар әлемін көре білуінде. Ал бұл әлем адамдарға қауіп төндіреді. Барбараға ешкім сенбейді, бірақ ол адамзат баласын жойылып кетуден құтқара алатын жалғыз адам. Ол алыптарға соғыс жариялап, өміріндегі басты шайқасқа дайындалады.

💖 3 | 👀 18925 | 📆 2020-12-07 01:51:57

Түпнұсқа атауы: Gladiator
Жылы: 2000
Елі: АҚШ, Ұлыбритания, Малта, Марокко
Ұраны: «Генерал құлға айналды. Құлға айналған генерал. Империяға қарсы шыққан гладиатор»
Режиссері: Ридли Скотт
Жазушысы: Дэвид Францони, Джон Логан, Уильям Николсон
Продюсері: Дэвид Францони, Бранко Лустиг, Дуглас Уик
Операторы: Джон Мэтисон
Композиторы: Лиза Джеррард, Ханс Циммер
Cуретшісі: Артур Макс, Джэнти Йэтс, Криспиан Саллис
Монтажы: Петро Скалия

Санаты: Тарихи

Жас шектеулігі: 16+ жасқа шектеу қойылмайды

Сипаттамасы:
Ұлы Рим империясының генералы Максимуске тең келетін әскери басшы болған емес. Бұл асыл генерал басқарған жеңілмейтін жауынгерлер жасағы еді. Әлемді билеген Рим әскерлері еді, алайда патша қартайып орнына адал Максимус генаралды қоюды жоспарлайды. Ұлын ел тағдырын ойламайтын, арамза екенің біліп. Әділетті шайқаста кез-келген жауға қарсы тұруға дайын болған батыл Максимус сатқын патшаның ұлына қарсы тұруға дәрменсіз. Патшаны туған ұлы өлтіріп таққа өзі отырады. Генералды ұстап алып, өлім жазасына кеседі. Максимус ажалдан ғажайыптың күшімен қашып, құлға айналады.

💖 4 | 👀 12057 | 📆 2020-12-06 20:35:23

Түпнұсқа атауы: Die Hard 2
Жылы: 1990
Елі: АҚШ
Ұраны: «Yippee Ki Yay, All over again!»
Басты кейіпкерлер: Брус Уиллис, Бонни Беделиа, Уилям Сэдлер, Франко Неро, Уилям Этертон, Деннис Франц, Джон Эймос, Арт Эванс, Фред Долтон Томпсон, Реджиналд ВелДжонсон
Режиссері: Ренни Харлин
Жазушысы: Стивен Е. де Соуза, Даг Ричардсон, Уолтер Уэйджер
Продюсері: Чарлз Гордон, Лоуренс Гордон, Джоэл Силвер
Операторы: Оливер Вуд
Композиторы: Майкл Кэмен
Суретшісі: Джон Валлоне, Кристиан Вагенер, Мэрлин Вэнс
Монтажы: Стюарт Бейрд, Роберт А. Ферретти

Санаты: Төбелес

Жас шектеулігі: 16+ жасқа шектеу қойылмайды

Сипаттамасы:
Жаңажыл қарсаңында лаңкестер тобы халықаралық әуежайды басып алады, әуежай басқарудан шығып қалады. Ұшақтар басқарушысыз жерге қона алмайды жаңармайлары біткенге дейін әуеде қалықтайды, біткен соң топырлап жерге түсу қауіпі бар. Мыңдаған әуе жолаушыларын кепілге алып отыр. Лаңкестер - қатал офицерлер бастаған жоғары деңгейлі қарулы құраммен бас құраған топ.
... Олардың мақсаты - есірткі ұстаушынын құтқару. Қасгөй Джон МакКлейнмен бір кездесуден басқа кез-келген жазатайым оқиғаларға дайын. Брус Уиллис лаңкестерлер ғана емес, сонымен қатар әуежайдың біліксіз полиция бастығымен, антилаңкес жасағының жетекшісімен және қорқынышты боранмен күресетін жалғыз суперқаһарман полиция ретінде оралады.

💖 2 | 👀 4835 | 📆 2020-12-03 12:10:16