Сайт жасау, Компьютер бағдарламасын жасау, телефон қосымшасын жасап үйрену
Жан
Алға
Харри Поттер және пәлсапа тас

Мультфильм

Түпнұсқа атауы: Smallfoot
Жылы: 2018
Елі: АҚШ, Канада
Ұраны: «Кез келген аңыз ертегі емес»
Режиссері: Кэри Киркпатрик, Джейсон Рейсиг
Жазушысы: Кэри Киркпатрик, Клер Сера, Эял Поделл
Продюсері: Гленн Фикарра, Джон Рекуа, Эллисон Эббейт
Композиторы: Эйтор Перейра
Суретшісі: Роналд А. Курниаван, Девин Крэйн
Монтажы: Питер Эттинджер

Санаты: Отбасылық

Жас шектеулігі: Жасқа шектеу қойылмайды

Сипаттамасы:
Жас йети адамдардың бар екеніне сенбейтін. Арманы дабыл соғып күнді өзі шығаруды армандайды. Оның ойынша дабыл соққан кезде жарқыраған алып ұлу оянып, жорғалап аспанға өрлеп ауылымызға шуақ шашады дейді. Алайда күндердің күнінде ол дабыл соғамын деп мүлт кетіп, тау бөктерінде смолфутты кездестіреді. Содан оның ойы өзгеріп, барлық йетилерге смолфут бар екенің айтсада оның сөзіне ешкім сенбейді. Сондан йетилер мекенінде осыдан кейін абыр-сабыр басталады. Миго өзінің өтірік айтпағаның адамдар бар екенің дәлелдеу үшін Смолфуттарды табуға аттанады . Миче, Колка, Гуанги, Флим оларда Смолфуттың барына сенеді және Мигоны қатарына қосады. Барлығы Смолфуттарды іздеуге кіріседі.

💖 0 | 👀 23345 | 📆 2022-01-02 06:22:45

Shrek forever after
Жылы: 2010
Елі: АҚШ
Ұраны: «Қорытынды тарау»
Режиссері: Майк Митчелл
Жазушысы: Джош Клауснер, Даррен Лемке, Мэтт Шайр
Продюсері: Тереза Чэн, Джина Шэй, Эндрю Адамсон
Операторы: Чон Ен-док
Композиторы: Гарри Грегсон-Уилямс
Cуретшісі: Питер Заслав, Макс Боас, Майкл Эрнандес
Монтажы: Ник Флетчер

Санаты: Отбасылық

Жас шектеулігі: Жасқа шектеу қойылмайды

Сипаттамасы:
Зұлым айдаһармен күресіп, сұлу ханшайымды құтқарып, әйелінің туыстарының патшалығын құтқарған Оғыр тағы не істей алар еді? Шрек үйленіп балалы болады, уақыт өте бір сарынды өмірден жалыға бастайды. Бұрынғы асыр салып балшықта еркін жататын күндер келмеске кетті. Адамдар одан қорықпайтын болды ол Шрекке ұнамайтын. Бұрынғы адамдар қорқатын ешкім мазасын алмайтын өмірді аңсайды. Ол тілегі қабыл болып алаңсыз сұрықсыз өміріне қайта оралады, Шрек болары болған соң бәрін кеш түсінеді.

💖 1 | 👀 32253 | 📆 2021-10-11 12:02:09

Түпнұсқа атауы: Shrek the Third
Жылы: 2007
Елі: АҚШ
Ұраны: «Оның патшалығы келеді»
Басты кейіпкерлер: Майк Майерс, Эдди Мeрфи, Кэмерон Диаз, Антонио Бандерас, Джули Эндрюс, Джон Клиз, Руперт Эверетт, Эрик Айдл, Джастин Тимберлейк, Сьюзан Блэйксли
Режиссері: Крис Миллер, Раман Хуэй
Сценариі: Джеффри Прайс, Питер С. Симен, Крис Миллер
Продюсері: Арон Уорнер, Эндрю Адамсон, Дэниз Нолан Каскино
Композиторы: Джаред Ли Госселин, Гарри Грегсон-Уилямс
Суретшісі: Гийом Аретос, Питер Заслав, Израэль Сигал
Монтажы: Майкл Эндрюс, Джойс Аррастия

Санаты: Отбасылық

Жас шектеулігі: Жасқа шектеу қойылмайды

Сипаттамасы:
Патша Гаролд кенеттен қайтыс болады, енді алып Шрек қиыр елдің патшасы болуға мәжбүр. Шрек әйелі Фионаның отбасылық дәстүрлерін құрметтейді, бірақ шынымен де ел басқарғысы келмейді, сондықтан жаңа патша іздеу үшін Етіктегі мысық және ақымақ Есекпен бірге жолға шығады. Шрек мұрагер Артур патшаны іздеп жүргенде, Ханзада Чармиң жаңа шабуыл тәсілін ойлап табады. Қиырдағы патшалық жаудң қолына өтеді.

💖 0 | 👀 24673 | 📆 2021-10-10 07:18:52

Түпнұсқа атауы: Luca
Жылы: 2021
Елі: АҚШ
Басты кейіпкерлері: Джейкоб Тремблей, Джек Дилан Грейзер, Эмма Берман, Саверио Раймондо, Майя Рудолф, Джим Гэффиган, Сэнди Мартин, Саша Барон Коэн, Марко Барричелли, Джакомо Джианниотти
Режиссері: Энрико Касароса
Жазушысы: Джесси Эндрюс, Майк Джонс
Продюсері: Андреа Уоррен, Пит Доктер, Дэвид С. Грант
Операторы: Давид Хуан Биянки, Ким Уайт
Композиторы: Дэн Ромер
Cуретшісі: Даниэла Стрижлева, Джош Холтсклоу, Дианна Марсилезе
Монтажы: Катрин Эппл, Джейсон Худак

Санаты: Күлкілі

Жас шектеулігі: Жасқа шектеу қойылмайды

Сипаттамасы:
Disney/Pixar студиясының «Лука» / «Luca» анимациялық картинасы Қазақстан кинотеатрларына қазақша дубляжбен шықты. Мультфильм «Болашақ» корпоративтік қорының және «Меломан» компаниясының бастамасымен «Өзіңнен баста» жобасы аясында аударылып отыр. Осыған дейін дубляждалған фильмдерді қоса есептесек бұл 37-жоба. Сюжетте Лука есімді балақай Италияның Ривьерасындағы теңіз жағалауында орналасқан әдемі қалаға демалуға келеді. Онда ол өзіне уақытты бірге қызықты өткізетін жаңа дос табады. Екеуі бірге түрлі ұмытылмас оқиғаларға тап болады. Барлығы керемет, алайда Луканың жаңа досы – бала кейпіндегі жағалау суларының тереңін мекендейтін теңіз монстры екен… 17 маусым 2021ж бастап кинотеатрларға шығып бастады. Ана тіліміздегі киноларға барайып ана тілімізді бірге дамытайық.

💖 2 | 👀 74487 | 📆 2021-10-09 15:43:14

Megamind
Жылы: 2010
Елі: АҚШ
Басты кейіпкерлер: Уилл Феррелл, Брэд Питт, Тина Фей, Джона Хилл, Дэвид Кросс, Бен Стиллер, Джастин Теру, Джессика Шулте, Том МакГрат, Эмили Нордвинд
Режиссері: Том МакГрат
Сценариі: Алан Дж. Скулкрафт, Брент Саймонс
Продюсері: Лара Брей, Дэниз Нолан Каскино, Стюарт Корнфелд
Композиторы: Лорн Бэлф, Ханс Циммер
Суретшісі: Дэвид Джеймс, Тимоти Ламб
Монтажы: Майкл Эндрюс

Санаты: Қиял ғажайып

Жас шектеулігі: Жасқа шектеу қойылмайды

Сипаттамасы:
Мегами - әлемдегі ең тапқыр және бақытсыз зұлым. Көптеген жылдар бойы ол Метро қаланы әр түрлі жолмен жаулап алуға тырысады. Алайда әрбір әрекеті сәтсіздікке ұшырап Metro-Man атты суперқаһарманның кесірінен сәтсіз аяқталады. Metro-Man супер қаһарманды өлтіреді, сол сәттен бастап Мегами өмірдің мәнін жоғалтады. Супер қаһармансыз қалған супер зұлым, өзіне сай қарсылас болмай оның іші пыса бастайды. Сол сәттен бастап ол өзіне лайықты суперқаһарман жасап шығаруға кіріседі.

💖 1 | 👀 40144 | 📆 2021-09-24 14:46:21

Duck Duck Goose
Жылы: 2017
Елі: Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Таиланд, Үндістан
Ұраны: «Талмай ұшуға әзірмін!» Басты кейіпкерлері: Джим Гэффиган Зендея, Лэнс Лим, Грег Прупс, Наташа Леджеро, Дидрих Бадер, Регги Уоттс, Карл Райнер, Стивен Фрай, Крэйг Фергюсон
Режиссері: Крис Дженкинс
Жазушысы: Крис Дженкинс, Роб Мьюир, Скотт Эткинсон,
Продюсері: Пенни Финкелман Кокс, Сандра Рэбинс, Эдоардо Бусси,
Композиторы: Марк Айшем
Суретшісі: Кристиан Шеллеуолд, Лорен Эйррис, Рон Лукас
Монтажы: Лиза Линдер

Санаты: Қызықты оқиғалы

Жас шектеулігі: 6+ жасқа шектеу қойылмайды

Сипаттамасы:
Пем - үнемі күлкілі жағдайларға тап болатын және айналасына қауіп төндіретін ақымақ. Ол әрдайым жазадан жалтара беретін, алайда бұл жолы емес... Жабайы мысық тап болып күтпеген жерден екі кішкентай үйрек балапандарын кезіктіріп қалады.Қанаттарының жарақат алу салдарынан сәтсіздікке ұшырайды. Пем өзінің жағымсыз және жеңіл мінезіне қарамастан, балаларға қамқорлық көрсетеді. Ол жоспар құрады - балапандарды кәдесі асыруды ойлайды. Олар көптеген шақырымдарды еңсеруі керек, өйткені Пем қанатын сындырып алған болатын ұша алмайды. Оны көптеген шытырман оқиғалар мен сынақтар күтіп тұр еді.

💖 3 | 👀 33939 | 📆 2021-06-21 15:49:41

Түпнұсқа атауы: The Little Mermaid II: Return to the Sea
Жылы: 2000
Елі: АҚШ, Канада, Аустралия, Тайуаң
Басты кейіпкерлері: Джоди Бенсон, Сэмюэл Э. Райт, Тара Стронг, Пэт Кэрролл, Бадди Хэкетт, Кеннет Марс, Макс Казелла, Стефен Ферст, Роб Полсен, Клэнси Браун
Ұраны: «10 years ago, a mermaid dreamed of life on the land. Now her daughter dreams of the sea»
Режиссері: Джим Каммеруд, Брайан Смит
Жазушысы: Элизабет Андерсон, Темпл Метюз, Элиз Д Хане
Продюсері: Лесли Хію, Дэвид Лавгрен
Композиторы: Дэнни Труб
Cуретшісі: Фред Клайн
Монтажы: Рон Прайс

Санаты: Қызықты оқиғалы

Жас шектеулігі: Жасқа шектеу қойылмайды

Сипаттамасы:
Меледи кішкентай су перісі Ариел мен ханзада Эриктің қызы. Ата-анасы қызын теңіз бен оның тұрғындары азап шеккен қиындықтардан құтқаруға қанша тырысқанымен, одан ештеңе шықпады. Меледиді зұлым мыстаннан қорғау үшін сарайда қамап ұстайды алайда Меледи теңізге ғашық еді тығылып теңізге кететін. Бір күні теңізге қашып, зұлым теңіз сиқыршысы Урсуланың апасы Морганамен кездеседі. Кішкентай Меледи Атлантиканы шын жүректен сүйеді, ал оның сүйіспеншілігі оған қауіп-қатерлерді жеңуге және жаңа достар табуға көмектеседі.

💖 3 | 👀 42206 | 📆 2021-06-20 07:33:14

Mune, le gardien de la lune
Жылы: 2014
Елі: Франция
Ұраны: «Ол әлем құтқарушысы емес, ай құтқарушысы»
Басты кейіпкерлері: Омар Си, Изиа Ижлен, Майкл Грегорио, Шафик Ахмад, Бенуа Аллеман, Шеннон Арчи, Федор Аткин, Джошуа Дж. Баллард, Дамиен Буассо, Эммануэль Кюртилл
Режиссері: Александр Эбоян, Бенуа Филиппон
Жазушысы: Бенуа Филиппон, Жером Фанстен
Продюсері: Дмитрий Рассам, Атон Сумаш, Алексис Вонарб
Композиторы: Бруно Куле
Суретшісі: Николас Марлет, Орельен Предал, Реми Сэлмон
Монтажы: Изабелл Малинфант

Санаты: Қиял ғажайып

Жас шектеулігі: Жасқа шектеу қойылмайды

Сипаттамасы:
Күн мен түннің өзгеруі қолмен жүзеге асатын ғажайып ғаламшарда Миюн жас фаунасы күтпеген жерден айдың қамқоршысы болып таңдалады. Бір қорқыныштысы, ол оны меңгере алмай айды уысынан шығарып алып жоғалтады! Осыны пайдаланып, жерасты патшасы Некрос күнді ұрлап, сөндіреді. Енді ғаламшар құтқару үшін Миюн балауыздан жасалған батыл қыз Глим және тәкаппар Сохонмен және күн қамқоршысымен бірге таңғажайып әрі қауіпті сапарға шығады.

💖 2 | 👀 37907 | 📆 2021-04-25 08:36:56

Түпнұсқа атауы: Soul
Жылы: 2020
Елі: АҚШ
Ұраны: «Everybody has a soul. Joe Gardner is about to find his»
Басты кейіпкерлер: Джейми Фокс, Тина Фей, Амир-Халиб Томпсон, Филисия Рашад, Давид Диггс, Анджела Бассетт, Ричард Айоади, Джон Ратценбергер
Режиссері: Пит Доктер, Кемп Пауэрс
Жазушысы: Пит Доктер, Майк Джонс, Кемп Пауэрс
Продюсері: Пит Доктер, Дана Мюррэй
Композиторы: Джонатан Батисте, Трент Резнор, Аттикус Росс

Санаты: Отбасылық

Жас шектеулігі: 6+ жасқа шектеу қойылмайды

Сипаттамасы:
Джо Гарднер есімді ән-күй сабағы мұғалімі туралы баяндалады. Ол сахнаға шығып джаз орындауды армандайтын. Бұл арманына қол жеткізер күн де келеді. Бірақ оқыс оқиғадан кейін оның жаны тәнінен бөлініп шығып, өзге де адамдардың жаны бас қосатын жерге тап болады. Бұл жерде оның жаны дамытылып, жаңадан туған сәбиге қонуы керек.

💖 5 | 👀 216656 | 📆 2021-04-08 20:46:08

Түпнұсқа атауы: Pocahontas
Жылы: 1995
Елі: АҚШ
Ұраны:«Two different worlds. One true love»
Басты кейіпкерлері: Мэл Гибсон, Кристиан Бэйл, Джуди Кун, Джо Бэйкер, Ирен Бедард, Билли Коннолли, Джеймс Апаумут Фолл, Линда Хант, Джон Кассир, Дэнни Манн
Режиссері: Майк Гэбриел, Эрик Голдберг
Жазушысы: Карл Биндер, Сюзанна Грант, Филип ЛаЗебник
Продюсер:і Джеймс Пентекост, Бэйкер Бладуорф
Композиторы: Алан Менкен
Суретшісі: Майкл Джиаймо
Монтажы: Х. Ли Петерсон

Санаты: Драма

Жас шектеулігі: Жасқа шектеу қойылмайды

Сипаттамасы:
Біздің кейіпкеріміз Джон Смитпен бірге жаңа әлемге аттану үшін Еуропадан шығады. Экипаж, капитан түсіндіргендей, шытырманға толы сәттіліктермен байлықтарға қарай жүзуде.

Бірақ капитанның өзі ол жерден белгілі бір нәрсе - алтын табуға ниетті. Үндістер Америкада тұрады, әңгіме асыл ханшайым Покахонтас туралы болмақ...

💖 3 | 👀 34171 | 📆 2021-04-05 20:39:27